Түркістан облысында қараусыз малға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында қараусыз малға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы аумағында мал ұрлығы қылмыстарының және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция инспекторлары қараусыз жүрген үй жануарларының иелерін анықтап, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, облыстық патрульдік полиция жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарда қараусыз жүрген малдар бойынша 20 деректі анықтап, егелеріне қатысты әкімшілік шара көрді. Аталған профилактикалық шара елді мекендерде, тас жол бойындағы қауіпті учаскелерде және мал өтетін аймақтарда жалғасып жатыр.

Полиция тұрғындарға малын қараусыз қалдырмауды, автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды бақташылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін ескертеді. Себебі қараусыз жайылып жүрген мал жол апатына себеп болуы мүмкін

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді