Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 21 және 22 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1165419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді