
Конституцияны қолдау жөніндегі аудандық коалиция мүшелері аудандық орталық аурухананың ұжымымен алдағы референдумға арналған кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, қоғамдағы өзекті сұрақтарға жауап беру және азаматтарды ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақыру болды.
Кездесу барысында коалиция өкілдері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің елдің дамуына, әлеуметтік әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Өз кезегінде дәрігерлер мен медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Дәрігерлер қауымы Конституциялық реформалар әлеуметтік саланың, соның ішінде медицинаның дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, маңызды саяси науқандарға деген жауапкершілігін күшейтетіні сөзсіз.
Ақпараттық медиа орталығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1165420?lang=kk

Жауап қалдыру