САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
 
Сарыағаш қаласында аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы тұрғындармен кездесіп, бір жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жүзеге асқан жобалар таныстырылды.
 
Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы да сөз сөйлеп, мәслихат тарапынан атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Халықпен ашық әрі нәтижелі диалог орнатудың маңыздылығы атап өтілді.
 
Тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарға қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
 
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Қ. Жүсіпов, А. Баратов, М. Талман, Ж. Баянов, Ш. Ибрагимов, Д. Оспанова, О. Садыков қатысып, көтерілген мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
 
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1165670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді