
2026 жылғы 20 ақпанда Ақтау қаласында, облыс әкімдігі ғимаратында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әрісбаев Аббат Жәңгірханұлы төрағалық етті. Жиынға комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпорын басшылары және әлеуметтік әріптестер қатысты.
Отырыс барысында өңірдегі бірнеше кәсіпорындағы еңбек және әлеуметтік ахуал, соның ішінде жалақы, қысқарту, бос тұрып қалу мәселелері қаралды. Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейі талқыланып, жалақы берешегін өтеу шаралары туралы баяндама жасалды.
Аталған отырысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Кемалов Бауржан Біләлұлы қатысты.
Жиын қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жалақы берешегін жою және өндірістік қауіпсіздікті күшейту жөнінде шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1166631?lang=kk

Жауап қалдыру