
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымы енген заңға қол қойды. Бұл түзету азаматтардың жеке бас
бостандығын қорғау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды, заң 2025 жылдын 16 қыркүйегінде күшіне енді.
Сталкинг – бұл адамның еркіне қайшы, онымен тұракты түрде байланыс орнатуға тырысатын, зорлык-зомбылыксыз, бірак, елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеті.
Жаңа бапқа сәйкес сталкинг үшін:
– 200 АЕК-ке дейін айыппұл,
– 200 сағатка дейін қоғамдык, жұмыс,
– немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Егер қудалау зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен ұштасса, іс-әрекет басқа баптар бойынша қосымша сараланады.
Қылмыстық қудалау тек нақты зиян келген кезде басталады. Мысалы, адамның еркін жүріп-тұруына шектеу қою, жеке өміріне қол сұғу немесе психологиялық қысым көрсету жағдайында.
Сталкингке бей-жәй қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1166630?lang=kk

Жауап қалдыру