
АУДАН ӘКІМІ ҚҰМАРЫҚ АУМАҒЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРДЕЛЕДІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Президент Жарлығына сәйкес халықпен өткен кездесулер барысында көтерілген өтініш-тілектерді жергілікті жерге шығу арқылы зерделеу мақсатында Құмарық аумағындағы бірқатар мәселелерге зерделеу жүргізді.
Оның ішінде, жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Шалсу арнасынан елді мекен ішіндегі бау-бақша мен егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ететін су арнасының қазіргі жағдайы зерделеніп, су ресурстарын тиімді пайдалану және оны ел игілігіне жаратуға бағытталған оңтайлы шешімдер сараланды.
Одан бөлек, аталған ауылдағы 14 гектар аумаққа жасыл желек отырғызу, сондай-ақ ауыз су нысанының қуаттылығын арттыру бойынша атқарылатын шаралар пысықталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1166421?lang=kk

Жауап қалдыру