Қазіргі уақытта Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға орнатылатын зиянды бағдарламалардың таралу фактілері тіркелуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаскүнемдер жұқтырудың түрлі тәсілдерді қолданады:

  • мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелерді таратады;
  • мемлекеттік органдар, банктер және жеткізу қызметтері атынан хабарламаларды жолдайды;
  • түрлі ұйымдар атынан қоңырау шалып, акцияға немесе ұтыс ойынға қатысу сылтауымен қосымша орнатуды ұсынады.
  • жалған мобильді қосымшалар мен фото, бейне және құжат түрінде жасырылған зиянды қосымшаларды орнатады;

Мұндай бағдарламаны орнатқаннан кейін қаскүнемдер құрылғыға қашықтан қол жеткізіп, келесі салдарға әкелуі мүмкін:

  • банктік шоттардан ақшаны жымқыру;
  • иесінің хабарынсыз онлайн-несие рәсімдеу;
  • жеке деректерге, фотосуреттер мен хат-хабарларға қол жеткізу;
  • аккаунттарды алаяқтық хабарламаларды әрі қарай тарату үшін пайдалану;
  • құрылғыны бұғаттап, кейіннен ақша талап ету.

Қорғану мақсатында келесіні ұсынамыз:

  • үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау;
  • SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға хабарламау;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • орнатылған қосымшалардың рұқсаттарын тексеру;
  • антивирустық бағдарламаларды пайдалану;
  • банктік операциялар туралы хабарламаларды қосу.

Зиянды бағдарламаның орнатылғаны туралы белгілер:

  • қуаттағыштың тез таусылуы;
  • мобильді құрылғының әдеттегіден артық қызуы;
  • экранда өзіңіз орнатпаған қосымшалар белгішелерінің пайда болуы.

Жұқтыру белгілері анықталған жағдайда, құрылғыны интернет желісінен дереу ажыратып, операцияларды бұғаттау үшін банкіге хабарласып және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Сақ болыңыздар және күмәнді қосымшаларға сенбеңіздер. Цифрлық қауіпсіздік – әрбір пайдаланушының жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1166420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді