БҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері КММ «Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі» оқушыларына «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері КММ «Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі» оқушыларына «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға интернет-алаяқтықтың заманауи тәсілдері туралы, оның ішінде фишингтік шабуылдар, банк және құқық қорғау органдарының атынан жасалатын жалған қоңыраулар, әлеуметтік желілердегі және онлайн-сатып алулар кезіндегі алаяқтық түрлері жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылды — яғни қаскүнемдердің азаматтарды, соның ішінде жастарды, заңсыз қаржылық операцияларға тартуы, олардың банк шоттарын ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және аудару үшін пайдалануы туралы айтылды.

Полиция қызметкерлері мұндай заңсыз әрекеттерге қатысудың құқықтық салдарын түсіндіріп, жеке деректерді қорғау, интернетті қауіпсіз пайдалану және алаяқтық әрекеттерді тану бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Кездесу соңында оқушыларға қырағылық таныту, жеке мәліметтері мен банк карталарының деректемелерін үшінші тұлғаларға бермеу, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі еске салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1166610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді