Департамент тарапынан білім бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 6–16 ақпан күндері аралығында Департамент тарапынан Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданының білім бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізілді.

Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 59-1-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіліп, қолданыстағы заңнама нормаларының сақталу деңгейін анықтауға бағытталды. Атап айтқанда:

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі;
  • Мемлекеттік үлгідегі білім құжаттарының бланкілерімен қамтамасыз ету;
  • Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
  • Мектеп жасындағы балаларды есепке алу және біліммен қамту;
  • Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау және қолжетімді орта қалыптастыру;
  • Мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
  • Олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын өткізу;
  • Педагогтердің біліктілігін арттыру және аттестаттау;
  • Басшылар мен педагогтерді тағайындау және ротациялау тәртібі;
  • Педагог мәртебесі туралы заңнаманың сақталуы;
  • Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
  • Білім беру мониторингін жүргізу;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша мәселелер қаралды.

Департамент қызметкерлерімен Білім бөлімінің қызметкерлеріне тексеру қорытындысы бойынша тыңдалым жасалып, анықталған кемшіліктерді жою үшін заңнама талаптарына сәйкес ақылға қонымды мерзім берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1165952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді