ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Мемлекет басшысының қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал талқыланған жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті. Апталық штаб отырысында аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
▪️Жиын барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси-ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар сауалдар қойылды.
▪️Штаб отырысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту бағытындағы міндетін атап өтіп, өңірдегі қоғамдық ахуалдың тұрақты бақылауда болуы керектігін айтты. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беру маңызды екенін жеткізді. Бұдан бөлек алдағы референдум бойынша халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
▪️Жиын қорытындысында жауаптыларға нақты міндеттер жүктеліп, берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы бақылауда болатыны ескертілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1165953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді