КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Келес ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 наурызында, сағат 16.00-де Аудандық мәдениет үйінде (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №83) өтеді. Облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы сағат 17.00-де Аудан әкімі аппаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылдың 3 наурызына дейін сағат 9.00-19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
📍 Өтетін орны: Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №83
📅 Күні: 5 наурыз
⏰ Уақыты: 16.00

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1165908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді