Қызылорда қаласында “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында киберқылмысқа, телефон және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері үздіксіз күшейтілген режимде жүргізуде.
2026 жылғы кешенді жоспарға сәйкес қала көлеміндегі барлық медицина қызметкерлерімен жолығып, түсіндіре жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі кездесу Қызылорда облыстық тері – венерология диспансерінің қызметкерлерімен өтті.
Іс -шара барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Шагиров Азиз Алиевич соңғы уақытта тіркеліп жатқан интернет-алаяқтық фактілеріне тоқталып, мұндай қылмыстардың көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатынын атап өтті. Ол дропперлік әрекеттерге қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп, жастарды заңсыз табыс көздерінен аулақ болуға үндеді.
Қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып,сұрақтарын қойды. Кездесу құқықтық мәдениетін арттыруға және интернет кеңістігіндегі қауіптерге қарсы бағыт – бағдар қалыптастырды.
Жауап қалдыру