
Түркістан облысы әкімдігі, облыстық сотының әкімшілік алқасының бастамасымен және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және қызмет алушылармен туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу мәселелеріне арналды.
Кездесу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер мен әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын іске асыру аясында өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын сотқа жүгінбей тиімді қорғау тетіктерін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет алушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптарды сақтау және дауларды сотқа дейін шешу тәртібі айтылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қараудың практикалық тәсілдері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар сот талқылауларының алдын алу үшін мемлекеттік органдардың ішкі жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Әкімшілік әділеттің рөлін күшейтуге және бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің басым тетігі ретінде сотқа дейінгі рәсімдерді қолдануға ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1165902?lang=kk

Жауап қалдыру