Прокуратура мен онлайн-агрегаторлар жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 ақпанда Бас көлік прокуратурасында интернет-такси өкілдері мен бейінді мемлекеттік органдардың қатысуымен жиын өтті. Кездесу жол апатын азайтуға және көлік саласына цифрлық шешімдерді енгізуге арналды.

Кездесу қорытындысы бойынша «inDrive» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат цифрлық өзара іс-қимылды дамытуды, мәліметтер алмасуды және алдын алу шараларын бірлесіп жүзеге асыруды көздейді.

Қатысушыларға заманауи аналитикалық құралдар, соның ішінде ҚР БП ҚСжАЕК-нің жол апаты картасы таныстырылды. Бұл карта ЖКО-ны талдауға, қауіпті учаскелерді анықтауға және қауіпсіздікті арттыру шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді. Цифрлік шешімдер нақты уақыт режимінде тәуекелдерді анықтауға, жүргізушілердің мінез-құлқын талдауға және тасымалдау ашықтығын арттыруға жағдай жасайды.

Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екендіктерін білдірді. Бұл бірлескен жұмыс қауіпсіз әрі технологиялық көлік ортасын қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

 

Бас көлік прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1166620?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді