
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау филиалында 2-шы ақпан мен 2-шы наурыз аралығында «Назар аудар-жолда адам» атты айлық іс-шарасы өтуіне байланысты және темір жолда жарақаттану жағдайларын болдырмау, әрі оның алдын алу мақсатында Бейнеу айналым локомотив депосының басшылығы, темір жолдан өтетін азамат, азаматшаларды, соның ішінде 1-ші ауыл тұрғындарын – Темір жолда абай болуға шақырады.
Темір жол әрқашанда қауіптілігі жоғары аймақ болып есептеледі және солай болып қала береді, сонымен қатар зейіннің әлсіреуін, абайсыздықты, теміржолдағы ережені сақтамауды теміржол кешірмейді.
Пойызды кенеттен тоқтату мүмкін емес!
Барлық адам теміржол нысандарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет, сонда ғана қайғылы жағдайдан аулақ болуға болады. Өкінішке орай теміржолдағы кайғылы жағдайлар саны азаймайтыны туралы деректі мойындауымыз қажет.
2024 жылы адамдарды қағып кеткен 75 оқиға тіркелген. Оқиғалардың негізгі себептері – теміржолдан өту ережелерін бұзу, алкогольдік мас болу, құлаққап кию және өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары. Оқиғалардың басым бөлігі Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл және Ақмола жол бөлімшелерінде орын алды.
ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында адамдардың соқтығысуының 44 оқиғасы орын алып, нәтижесінде 27 адам өмірге сыйымсыз жарақат алды. Зардап шеккендердің 39% мас күйінде, 36% белгіленбеген жерден немесе құлаққаппен өткен, 14% вагондардың астынан өткен, 11% суицид жағдайларын құраған. Қаза тапқандардың арасында ересектердің қарауынсыз жолда жүрген бір жарым-төрт жас аралығындағы төрт бала бар.
Жылжымалы кұрамның адамдарды басып кетуінің басты себептерінің бірі тұрғындардың өрескел қателігі болып табылады, кейде теміржол көлік қызметкерлерінің теміржол станцияларында, жолдарында аралықтарда жеке қауіпсіздігін сақтамауында.
Жоғарыда көрсетілген адамдардың арасында балалар, жасөспірімдер, ересек адамдар да бар.
Адамдар арнайы белгіленген жерден өтпей, жолды кысқартамыз деп өз өмірлерін қысқартып немесе мүгедектік жағдайға ұшырап жатады.
Көбінесе пойыздардың астына адамдар, алкогольдік жағдайда, жасөспірім студенттер құлақтарына наушник салып алып, әуен тыңдап, локомотивтің берген сигналдарын да естімей жүре береді.
Қайтыс болғандардың көп бөлігі рұқсат етілмеген орында жолды кесіп өтіп үлгеремін деп ойлаған адамдар.
Теміржолдағы ерекше көңіл аударатын мәселе жастардың ұялы телефон және наушник қосылған смартфондарды қолданатыны, oлap қосылып тұрғанда локомотив гуілдері және басқа да берілген дыбыстардың естілмей қалуы ауыр жарақат алуына немесе бос өлімге әкеліп соқтырады.
Арақашықтықты қысқарту мақсатында, келе жатқан локомотивтің алдында теміржолды жүгіріп өтіп, вагонның астына кіріп, уақытты үнемдеуге ұмтылған адамдар өздерін үлкен қауіпке итермелейді. Кез келген уақытта құрам өзінің жұмысын бастап кетуі мүмкін. Ауыр жарақат алуға осы да жеткілікті.
Жоғарыдағы нақты оқиғаларды негізге ала отырып, Бейнеу айналым локомотив депосы басшылығы теміржол нысандарында болған кезде жене темір жол жолдарынан өткен кезде тыйым салынады:
- наушникпен әуен тыңдау, телефонмен сейлесуге;
- рұқсат етілмеген орында теміржолды кесіп өтуге;
- жолдың бойында жүруге;
- пойыз толық тоқтамағанда вагонға жақындауға;
- тұрған вагондарға сүйенуге және астына кіруге вагондар кез келген сәтте қозғалуы мүмкін;
- платформаларда жене қоршалмаған теміржол жолдарда ойындар ұйымдастыруға;
- вагон шатырына шығуға – ол жерде жоғары кернеулі сымдары бар;
- теміржолдағы бағыттағыш бұрмасы бар орындарда өтуге – тайып кетіп дистанциялық басқарудағы тілдік қыспақтарында қалып қоюы мүмкін.
Темір жолда сақ болыңыздар!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1166618?lang=kk

Жауап қалдыру