
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығын тәмамдаған студенттеріне арналған диплом табыстау салтанатты рәсіміне Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан және №18 сайлау округінің депутаты, колледж директоры Серік Жансенгіров қатысты.
Олар түлектерді қалалық мәслихат атынан құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ жас мамандарға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/1166377?lang=kk

Жауап қалдыру