ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 526,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІП, ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 16,3 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 526,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІП, ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 16,3 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

▪️Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өңір дамуының 2025 жылғы қорытындылары бойынша есеп берді. Әлеуметтік-экономикалық өсім, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысы және абаттандыру бағытындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды баяндады.

▪️2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім көлемі 526,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,9 млрд теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібі 29 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 502,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

▪️Құрылыс жұмыстарының көлемі 275,4 млрд теңгені құрап, жоспар 112,5 пайыз деңгейінде орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 552,6 мың шаршы метрді құрап, жоспар 102,2 пайызға орындалды. Сондай-ақ сауда көлемі 193,9 млрд теңгеге жетіп, жоспар 161,9 пайызға артығымен орындалған.

▪️Қала аумағында жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 111 көше орташа жөндеуден өткізілді. 48 көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 66,7 пайызға жеткізу жоспарланған.

▪️Сонымен қатар 328 көшеде жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, қамту деңгейі 92 пайызға жетті. Инженерлік инфрақұрылым бойынша жаңа шағын аудандарды газ, су, электр және кәріз желілерімен қамтамасыз ету бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

▪️Қазіргі таңда қаланың экологиялық ахуалын жақсарту және тұрғындар үшін жайлы қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылы қала аумағында 36 саябақ, 80 сквер мен аллея, 168 көше және 16 жасыл алқап аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда, 1,4 миллионнан астам ағаш, 410 мыңнан астам бұта отырғызылып, жасыл желек көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарды абаттандыру, демалыс аймақтарын жаңғырту, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

▪️Есептік кездесуде облыс басшысы Түркістан қаласының дамуында оң серпін қалыптасқаны атап өтіп, алдағы кезеңде инфрақұрылымды кешенді жаңғырту, тұрғын үймен қамту, инвестиция тарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

———————

ОБЪЕМ ВРП ГОРОДА ТУРКЕСТАН В 2025 ГОДУ ДОСТИГ 526,3 МЛРД ТЕНГЕ, УВЕЛИЧИВШИСЬ НА 16,3% ПО СРАВНЕНИЮ С ПРЕДЫДУЩИМ ГОДОМ

▪️ Сегодня аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с жителями города Туркестана. В ходе встречи аким города Азимбек Пазылбекулы отчитался об итогах развития за 2025 год. Он доложил об основных показателях социально-экономического роста, развития инфраструктуры, жилищного строительства, благоустройства и поделился планами на предстоящий период.

▪️ По итогам 2025 года в социально-экономическом развитии города Туркестана сформировался устойчивый рост. Объем валового регионального продукта достиг 526,3 млрд тенге, что на 16,3% больше по сравнению с предыдущим годом. Объем промышленной продукции составил 45,9 млрд тенге, из которых объем обрабатывающей промышленности – 29 млрд тенге. Инвестиции в основной капитал увеличились до 502,7 млрд тенге.

▪️ Объем строительных работ составил 275,4 млрд тенге, план выполнен на 112,5%. Введено в эксплуатацию 552,6 тыс. квадратных метров жилья (102,2% от плана). Объем торговли достиг 193,9 млрд тенге, превысив плановые показатели на 161,9%.

▪️ В рамках улучшения дорожной инфраструктуры на территории города был проведен средний ремонт 111 улиц. На 48 улицах ремонтные работы продолжаются. В результате планируется довести долю дорог в удовлетворительном состоянии до 66,7%.

▪️ Кроме того, полностью завершены работы по освещению на 328 улицах, уровень охвата достиг 92%. В сфере инженерной инфраструктуры поэтапно реализуются проекты по обеспечению новых микрорайонов сетями газа, воды, электричества и канализации.

▪️ В настоящее время ведется системная работа по улучшению экологической обстановки и созданию комфортной общественной среды. В частности, в 2025 году работы по озеленению охватили 36 парков, 80 скверов и аллей, 168 улиц и 16 зеленых массивов. Всего высажено более 1,4 млн деревьев и 410 тыс. кустарников, что значительно увеличило площадь зеленых насаждений. Проведены работы по благоустройству общественных пространств, модернизации зон отдыха и приведению в порядок пешеходных дорожек.

▪️ На отчетной встрече глава региона отметил положительную динамику развития Туркестана и подчеркнул, что в предстоящий период работа по комплексной модернизации инфраструктуры, обеспечению жильем, привлечению инвестиций и повышению качества жизни населения будет продолжена.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1166378?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді