Республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысқан жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысқан жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында сайлау учаскелерінің референдумды өткізуге дайындық деңгейі жан-жақты қаралды. 22 ақпаннан бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметін бастайды, сайлаушылар тізімдері белгіленген тәртіппен берілді.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қажетті құрал-жабдықтар мен байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар үшін қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Кеңес қорытындысы бойынша заңнамалық талаптарды сақтау, дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету маңызды екені атап өтілді. Референдумды ұйымдастыру жұмыстары тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1166847?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді