
Халық сенімі – мемлекеттік қызметкерлердің адал еңбегі мен кәсіби ұстанымында көрініс табады. Бүгін аудандық коалиция мүшелері Жарқынбек Ғалымжан, Пахмаддин Айнакожаев, Асылжан Жолдасбеков, Нұрмұхасан Әуезхан мемлекеттік қызметкерлермен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының халық пен билікті байланыстыратын алтын көпір, елдің болашағына сенімді жол екендігін талқылады.
Жаңа Конституциядағы өзгерістердің мәнін түсіндіріп, әр қызметкердің пікірі мен дауысы елдің болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Бұл жиында заң баптары мен тармақтардан гөрі, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен сенімі туралы сөз қозғалды. Себебі Жаңа Конституция – әр қызметкердің адал еңбегін, әр отбасының және әр азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат. Заңдағы әр өзгеріс медициналық көмектің қолжетімділігін, билік пен халық арасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Коалиция мүшелері Конституция қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейтіп, адам өмірін ең жоғары құндылық ретінде бекітетінін атап өтті. Бұл тек құқықтық реформа емес, мемлекеттік қызмет саласында, соның ішінде медицина мен әлеуметтік қызметте де жаңашылдыққа жол ашады.
Мемлекеттік қызметкерлер Конституциядағы рухани және адамгершілік құндылықтарға ерекше назар аударып, ұлттық болмыс пен кәсіби этиканың күнделікті қызметте көрініс табуы маңызды екенін айтты.
Бұл кездесу бір нәрсені анық көрсетті: әділ заң – сенімді мемлекеттік қызметке, сенімді мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет пен сенім көпіріне, ал сенімді халық – елдің берік болашағына бастайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1168573?lang=kk

Жауап қалдыру