
2026 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарының 1.2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылғы 19 ақпандағы № 05/245-И хатын орындау мақсатында, Павлодар ауданы мәслихатының аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралар барысында Заңның 6, 9, 10, 13, 14, 14-1, 18 және 24-баптарының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметке байланысты шектеулер түсіндірілді. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруына, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде шоттарды ашуға және иеленуге жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау міндеттері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жүргізіліп отырған жұмыс мемлекеттік орган қызметінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1168574?lang=kk

Жауап қалдыру