Білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім басқармасында білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өзекті мәселелерді түсіндіру және білім беру саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған кеңес өтті. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ облыстағы орта, мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Жиын білім басқармасы басшысының орынбасары Нургуль Бертлеуованың төрағалығымен өтті. Негізгі баяндамаларды әкімшілік жұмыстар бөлімінің мамандары жасады.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау, білім беру ұйымдарына қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының және алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру шаралары жан-жақты қарастырылды. Білім басқармасы жүргізген талдау қорытындыларына ерекше назар аударылып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты мысалдар келтіріліп, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеу тетіктері түсіндірілді.
Жиын соңында білім беру ұйымдарының өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрқайсысына нақты әрі жан-жақты жауап алды. Бұл кездесу білім беру саласындағы өзекті міндеттерді бірлесе талқылап, ортақ шешімдер қабылдауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1168667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді