Алматы облысы аумағында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жалғасуда. Қазіргі кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда күштер мен құралдардың іс-қимылын жетілдіру бойынша талдау жүргізілуде.

Іс-шараның мақсаты – көктемгі кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға азаматтық қорғау органдары мен халықтың дайындығын арттыру, сондай-ақ қызметтер мен бөлімшелердің жедел әрекет ету және төтенше жағдай салдарын жоюға дайындығын тексеру.

2026 жылғы 26 ақпанда Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы аумағында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен №28237 әскери бөлімшенің жеке құрамының саптық тексерісі өткізілді.

Практикалық іс-шаралар барысында ұзындығы 500-600 метр болатын арық жүйесін тазарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді, бұл еріген судың мектепке және 80 адам тұратын 25 тұрғын үйге жетуінің алдын алуға мүкіндік береді. Сонымен қатар, екінші учаскеде 500-ге жуық тұрғыны бар 130 тұрғын үйді су басдың алдын алу мақсатында еріген суды жинауға арналған қазаншұңқыр қазылды, жиналған су ассенизаторлық техникамен сорылып шығарылатын болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1170527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді