
Алматы қаласының әр ауданында «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау орталықтары бар. Соның бірі Жетісу ауданы, Серикова көш, 6а мекенжайында орналасқан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік қолдау орталығы бар. Онда құқықтық мәселелер, түрлі ақпараттар, т.б мәселелер бойынша керегін ала алады. 2026 жылдың 09-ші ақпанында осы орталықта мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатымен ауданда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандармен дөңгелек үстел өткізілді. Отырысқа ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік органдары: Денсаулық сақтау Департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Департаменті, тұрғын үй Департаменті, «Отбасы банкінің» өкілдері, салық инспекциясы Департаменті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар мен мүгедектігі бар тұлғалардың көтерген сұрақтарына түсініктеме берілді. Сонымен қатар тұрғын үй алу бойынша қолжетімді баспана бағдарламалары, денсаулық сақтау, жеңілдікпен жол жүру бойынша мәселелер көтерілді. Жиында өзекті мәселелер көтеріліп, соның ішінде бірқатар мәселелер өкілдердің бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1170526?lang=kk

Жауап қалдыру