Антибиотиктерге төзімділік – пациенттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Антибиотиктер – медицинаның ең ұлы жаңалықтарының бірі. Олардың арқасында адамзат пневмонияны, туберкулезді, сепсисті жеңіп, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алып, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды.

 

Алайда бүгінде әлем алдында үлкен сынақ тұр – бұл антибиотиктерге төзімділік. Антибиотиктерге төзімділік – бактериялардың бұрын тиімді жойған дәрілерге бейімделіп, төзімділік қалыптастыру қабілеті.

 

Антибиотиктерге төзімділік неге әсерін тигізеді:

 

– бұрын бірнеше күнде жазылатын инфекциялар өмірге қауіпті бола бастайды:

– қарапайым операциялар мен босану өлімге әкелетін асқынулармен жүруі мүмкін;

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын жүздеген мың адам емге көнбейтін инфекциялардан көз жұмады.

 

Антибиотиктерге төзімділіктің қаупі неде?

 

– инфекцияны емдеу ұзаққа созылады, қымбатқа түседі және әрдайым нәтиже бермейді;

– ең күшті дәрілерге де көнбейтін «супербактериялар» пайда болады;

– 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жыл сайын 10 миллионға дейін адамның өліміне әкелуі мүмкін – бұл қатерлі ісіктен де көп.

 

Тұрақты инфекциялардың дамуын болдырмау, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің тиімділігін сақтау, инфекциялардың таралу қаупін азайту, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында мыналарды ұсынамыз:

 

  1. Өзін-өзі емдемеу: антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау.
  2. Вирустық инфекцияларда (тұмау, суық тию) антибиотик талап етпеу.
  3. Дәріні қатаң схема бойынша қабылдау: өткізіп алмау, курсты ерте тоқтатпау.
  4. Антибиотиктің қалғанын пайдаланбау және басқаларға бермеу.
  5. Алдын алуды ұстану: вакцинация, гигиена, қауіпсіз тамақтану.

 

Есіңізде болсын: антибиотиктер – панацея емес. Олардың тиімділігі әрқайсымыздың жауапты қарым-қатынасымызға байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1170180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді