Кезекті сессия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Н.С. Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

     Сессия жұмысына Қоғамдық кеңестің төрайымы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Сессия  Онлайн-трансляцияда Facebook әлеуметтік желінің парақшасында жүргізілді. 

   Сессия күн тәртібінің негізгі мәселелері: аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың  қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі және 2025 жылғы тұрақты комиссиялардың  жұмысын  қорытындылары болды.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Төраға өз сөзінде мәслихат қызметінің негізгі көрсеткіштерін, жұмыстың жаңа бағыттары туралы айтып, депутаттық қызметке талдау жасап, тұрақты комиссиялардың нәтижелі жұмысын атап өтті.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс қорытындылары туралы комиссия  төрайымдары мен  «AMANAT»  партиясы депутаттық фракциясының басшысы сөз сөйледі, олар өз сөздерінде атқарылған жұмыстың қорытындыларын шығарып, өз қызметінің негізгі нәтижелерін атап өтті.

    Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1170447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді