
Жанайдар Мусиннің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Зеренді аудандық Мәдениет үйінде көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Жанайдар Мусиннің 90 жылдығына арналған «Қасиетті өлкенің қайраткері, қаламгері» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудан әкімі, қаламгердің туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, журналистер, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Жанайдар Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығы, ел руханиятына қосқан үлесі кеңінен сөз болып, естеліктер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1171441?lang=kk

Жауап қалдыру