
Ынтымақ ауылдық округінің тұрғындарымен маңызды кездесу өтіп, онда жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Басқосу Мәдімар ауылдық клубында ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары, ақсақалдар, жастар мен сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызы, оның қоғам өміріне әкелетін өзгерістері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, Әділетті қоғам құру қағидаттары, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен қозғалды.
Жиында сөз алған ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Жамбыл Даулетов жаңа реформалардың басты мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту, халық үніне құлақ асатын басқару жүйесін қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтық белсенділікті арттыру, әрбір тұрғынның ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға атсалысуы аса маңызды екені айтылды.
Тұрғындар тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар білдірілді. Бұл өз кезегінде ашық диалог алаңының қалыптасқанын көрсетті. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды.
Мұндай басқосулар – елдік маңызы бар құжатты халықпен бірге талқылап, ортақ шешімге келудің айқын көрінісі. Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын стратегиялық құжат. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі – табысты реформаның кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171443?lang=kk

Жауап қалдыру