2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық тексерістерде не өзгерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын тегістеу жөнінде шешім шығарылды.

Айтылған шешімнің шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулерді өткізу тоқтатылды.

Салықтық тексерістер, қарсы салықтық тексерістер, сонымен бірге келесілер:

– қылмыстық-процессуалдық заңнамамен көзделген негіздер бойынша;

– Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша немесе олармен келісім бойынша прокурорлық қадағалаудың, прокуратура органдарының талап етуі мен актілері бойынша;

– салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;

– касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;

– жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;

– салық заңнамасында көзделген салықтық тексеру жүргізуді талап ететін өтінішті және (немесе) талапты берген жағдайда;

– салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымында баяндалған мәселелер бойынша;

– 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;

– камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу тоқтатылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1170745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді