
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің қатысуымен панельдік сессия өтті.
Панельдік сессия барысында 2026 жылға арналған негізгі міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша көтерілген бірқатар өзекті мәселелер алдағы уақытта іске асыру және одан әрі жұмыс жүргізу үшін назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1170746?lang=kk

Жауап қалдыру