
26.02.2026 ж. сағат 11:00-де Ұлытау облысы Әділет департаментінде департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Құжаттарды мемлекеттік тілде дайындаудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында әкімшілік бөлімі басшысының м.а. Г.К. Дюсенбаевамен семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әрі талапқа сай рәсімдеу, ресми іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау және бірыңғай тәжірибе қалыптастыру.
Семинар барысында мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеудің құқықтық негіздері, ресми стиль нормаларын сақтау, терминологияны дұрыс қолдану және іс жүргізу мәдениетін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.
Аталған іс-шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге және құжат айналымының сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1170838?lang=kk

Жауап қалдыру