
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев аудан тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдап, әсіресе жұмыспен қамту бағытындағы түйткілдерге басымдық берді. Ашық форматта өткен кездесуде азаматтар тұрақты жұмысқа орналасу, уақытша жұмыс орындары мен қысқа мерзімді оқыту курстары туралы сауалдарын қойды.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан көлемінде жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірістік және сервистік нысандарды көбейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, кейбір азаматтар мамандығына сай жұмыс табу қиындықтарын жеткізіп, қайта даярлау курстарына жолдама алу тәртібін түсіндіруді сұрады.
Аудан әкімі жұмыспен қамту-өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын айтты. Жеке қабылдау қорытындысында көтерілген өтініштер бақылауға алынды. Жұмыспен қамту мәселесі алдағы уақытта да аудан әкімдігі қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болмақ.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1170837?lang=kk

Жауап қалдыру