Білім беру объектілерінің ас блогы персоналы нені білуі керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беру ұйымдарының ас блогы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартына» сәйкес талаптар қойылады.

Білім беру объектілерінің ас блогындағы технологиялық операцияларға Орындалатын жұмыстардың сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығы (біліктілігі, мамандығы) бар және қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптарын сақтайтын персонал тартылады. Ас блогының әрбір қызметкері медициналық тексеруден және гигиеналық дайындықтан өтуі керек.

Ас блогы өндірісінің меңгерушісі жұмыс ауысымы басталар алдында, тамақ өнімдерін дайындаумен, тамақты бөлумен және оларды таратумен айналысатын персоналды және тамақ өнімдерімен, оның ішінде азық-түлік шикізатымен тікелей жанасатын персоналды қол терісінің және дененің ашық беттерінің іріңді ауруларының (оның ішінде іріңді кесулермен, күйіктермен, сызаттар), инфекциялық аурулардың белгілері, жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары болуына күнделікті қарап-тексеруді жүргізеді.

Тамақ өнімдерін өндіру процесінде айналысатын адамдар ауру немесе симптомдар туралы, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелеріндегі ішек инфекцияларының барлық жағдайлары туралы медицина қызметкеріне немесе тікелей басшысына дереу хабарлайды. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалауды жүргізеді, тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады.

Барлық білім беру объектілерінде қызметкерлердің асханалық еңбек жағдайлары мен жеке гигиена ережелерін сақтауы үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Қолды жуу үшін ас блоктарына жууға арналған раковиналар орнатылады, қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен қамтамасыз етіледі. Тамақтану объектісінің персоналы таза арнайы киіммен, сондай-ақ дайындалатын өнімнің ассортиментіне, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бір реттік қолғаптармен тағамдарға қызмет көрсетуге және порциялауға байланысты қолды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Үй-жайларды жинау үшін жеке Арнайы киім көзделеді. Арнайы киімді ауыстыру ластануына қарай жүргізіледі. Персонал ыдыс-аяққа қызмет көрсету және бөлу, суық тағамдарды (салаттарды) дайындау кезінде бір рет қолданылатын қолғаптарды міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз етеді. Тұтастық бұзылған жағдайда және жұмыстағы санитарлық-гигиеналық үзілістерден кейін бір реттік қолғаптар персоналмен жаңасына ауыстырылуы тиіс.

Тамақтану объектісінің персоналы және тамақ өнімдерін қабылдаумен, өндірумен, өлшеп ораумен, сақтаумен, тиеумен, тасымалдаумен, түсірумен, жеткізумен, өткізумен айналысатын адамдар жеке және өндірістік гигиенаны сақтауды қамтамасыз етеді: қолдың тазалығын қадағалау, таза арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын кию қамтамасыз етіледі, жеке заттар арнайы киім мен аяқ киімнен бөлек сақталады; жеке шкафтарда немесе арнайы бөлінген орындарда жеке заттар, оның ішінде екінші және үшінші қабаттағы киім, аяқ киім, бас киім қалдырылады; арнайы бөлінген жерде арнайы киім, алжапқыш, бас киім (шашқа арналған тор) тамақтану объектісінен шыққан кезде және санитариялық торапқа (дәретханаға)барар алдында шешіледі; жұмысты бастамас бұрын шаш бас киімге немесе шаш торына таңдалады, зергерлік бұйымдар, сағаттар, сынатын заттар алынып тасталады, тырнақтар қысқа кесіледі және лакпен қапталмайды, ер қызметкерлер сақал (мұрт) торын киген жағдайда пайдаланады; қол гигиенасы сақталады (жуу және дезинфекциялау (өңдеу): қолды сабынмен немесе қол жуғыш затпен жуады, антисептикалық құралдармен дезинфекциялайды: тамақ өнімдерімен жұмыс басталар алдында, санитарлық торапқа (дәретханаға) барғаннан кейін және өндірістік цехқа кірер алдында, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен кейін және ластанған заттармен жанасқаннан кейін, ластанған жабдықпен және (немесе) пайдаланылған ыдыспен жұмыс істегеннен кейін, жөтелгеннен және түшкіргеннен кейін.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақ дайындауға, көкөністерді тазалауға, дайын тағамды таратуға, нан кесуге, ыдыс жууға, өндірістік үй-жайларды жинауға байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1171428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді