Шымкент қаласы Полиция департаменті білім беру ұйымдары нысандарының терроризмге қарсы қауіпсіздігін күшейту мақсатында кездесу ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері және қала әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуге білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында террористік тұрғыдан осал нысандарды қауіпсіздік талаптарына сай жабдықтау, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар күдікті зат анықталған жағдайда не істеу керектігі, жарылғыш құрылғының белгілері және жедел қызметтерге дер кезінде хабарлау жолдары айтылды.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының бейнебақылау камераларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, жеке деректерді бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі ескертілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және терроризм қатерлерінің алдын алуға бағытталған. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1171430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді