Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын терең түсіндіру, оны жүзеге асырудың тиімді тетіктерін талқылау және халықаралық тәжірибелер негізінде тәрбие жұмысын жаңғырту жолдарын айқындау мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру: халықаралық тәжірибе мен тәрбие экожүйесі» тақырыбында облыстық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.

Семинар барысында «тәрбие экожүйесі» ұғымы жан-жақты талданып, мазмұны кеңінен ашылды. Іс-шара қатысушылар үшін өзекті мәселелерді талқылайтын мазмұнды алаңға айналды.

Семинарға ШҚО Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Г.Б. Раисова қатысып, тәрбие экожүйесі – мектеп, отбасы, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ықпалдастыққа негізделген тұтас орта екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жүйенің баланың тұлғалық қалыптасуына кешенді әсер ететіні және құндылықтарға негізделген білім беруді қамтамасыз етудегі маңызына ерекше тоқталды.

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.А. Абдухамитов бағдарлама аясындағы әлеуметтік жобалардың облыстық жобалармен үйлесімділігі мен нәтижелілігі туралы кеңінен баяндады.

Халықаралық тәжірибе бағыты бойынша облыстық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының өкілі, Қожагелді батыр атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Сұлтанбекова Жапонияда өткен WALS 2025 халықаралық конференциясындағы тәжірибесімен бөлісті. Құрылымды презентация ұсынып, халықаралық құндылықтар тақырыбында рефлексия ұйымдастырып, қатысушылар арасында кәсіби диалог қалыптастырды. Іс-тәжірибесімен бөліскені үшін А.К. Сұлтанбекова Сертификатпен марапатталды.

Амангүл Керейханқызына шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеу тілейміз.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1171431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді