КЕЛЕС АУДАНЫНДА «REFERENDUM CUP» ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Referendum CUP» атты жүгіру марафоны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Іс-шараны Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.
Марафонның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және аудан тұрғындарының қоғамдық белсенділігін қолдау болды. Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, спорт арқылы бірлік пен ынтымақтың үлгісі көрсетілді.
Жүгіру сайысына 16 жастан жоғары азаматтар қатысып, белгіленген қашықтық бойынша бақ сынады. Қатысушылар спорттық киім үлгісінде келіп, тіркеу талаптарына сәйкес құжаттарын ұсынды. Марафон барысында тәртіп пен қауіпсіздік талаптары қатаң сақталды.
Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өтіп, спортшылардың жетістігі көпшілік алдында атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1170795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді