
Рентгендік зерттеулер сәулеленудің минималды дозаларын қолдана отырып, сүйек, өкпе, буын және ішкі ағзалардың ауруларын тез және дәл диагностикалау үшін жүргізіледі. Олар сынықтарды, артриттерді, қабынуды (пневмония), туберкулезді, ісіктерді анықтау үшін, сондай-ақ міндетті профилактикалық тексерулер (флюорография) және емдеуді бақылау үшін қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын орындау пациенттердің рентген кабинеттеріне және персонал жұмысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді.
Пациенттер мен халықтың медициналық сәулеленуінің барлық түрлері (профилактикалық, диагностикалық, емдік, зерттеу) кезіндегі радиациялық қауіпсіздік рентгендік-радиологиялық емшаралардың барынша көп пайдасына қол жеткізу және радиациялық зиянды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.
Негізгі ережелер:
-
- Құжаттар: рентгендік зерттеу тек дәрігердің жолдамасы бойынша жүргізіледі.
- Қорғау: науқасқа тексерілмейтін мүшелерді қорғау үшін жеке қорғаныс құралдары (алжапқыштар, жағалар, экрандар) беріледі.
- Қауіпсіздік: Персонал радиациялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, пациент пен персоналды радиациялық қорғаудың жылжымалы және жеке құралдарын пайдалануға міндетті.
- Дайындық: рентген зертханашысының процедураға дайындалуға және оның кезіндегі мінез-құлыққа қатысты нұсқауларын қатаң орындау қажет (қозғалмаңыз, тыныс алыңыз).
Жүкті әйелдер мен балаларды зерттеу кезінде ерекше қорғау шаралары қолданылады, зерттеулер негізделген қажеттілік болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Диагностикалық ақпарат немесе терапиялық эффект алу мақсатында
пациенттерді медициналық сәулелену дәрігердің тағайындауымен және пациенттің келісімімен жүргізіледі.
Пациенттің талабы бойынша оған күтілетін немесе алынған сәулелену дозасы туралы және рентгендік-радиологиялық емшаралар жүргізудің ықтимал салдарлары туралы ақпарат ұсынылады.
Іс жүзінде сау адамдарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық зерттеулер және ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі жылдық профилактикалық сәулеленудің белгіленген нормативті мөлшері 1 милиЗиверт.
Рентгенологиялық процедуралардан өту кезінде жоғарыда аталған талаптар мен ұсынымдарды орындау адам мен рентгенологиялық мекемелер қызметкерлерінің денсаулығы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1170796?lang=kk

Жауап қалдыру