«PSYTALKS ALMATY»: «Жасанды интеллект дәуіріндегі балалардың психологиялық әл-ауқаты» республикалық форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» мен «Weglobal-ai» компаниясының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» аясында «PSYTALKS ALMATY»: «Жасанды интеллект дәуіріндегі балалардың психологиялық әл-ауқаты» республикалық форумы өтті.
Форумға мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, білім беру ұйымдарының мамандары, сондай-ақ IT-сарапшылар мен журналистер қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — цифрлық трансформация жағдайында балалардың психикалық денсаулығын сақтау, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз әрі тиімді қолдану жолдарын талқылау.
Форум аясында «AI & Child Safety» арнайы демо-аймағы жұмыс істеді. Бұл алаңда қатысушылар жасанды интеллект негізіндегі қауіпсіздік құралдарымен, киберқауіпсіздік шешімдерімен және балалардың психологиялық жай-күйін мониторинг жасауға арналған заманауи цифрлық платформалармен танысты.
Спикерлер қатарында жетекші психологтар, білім беру саласының сарапшылары, IT-мамандар және медиа өкілдері сөз сөйледі. Арнайы қонақ — Cardiff University проректоры, PhD Талғат Жүсіпбек оқушылардың психологиялық әл-ауқатына қатысты халықаралық зерттеулер нәтижелерімен бөлісіп, цифрлық ортадағы тәуекелдер мен қорғау тетіктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасады.
Форум кәсіби тәжірибе алмасуға, цифрлық дәуірдегі жаңа қауіптерді ашық талқылауға және балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешімдер ұсынуға мүмкіндік берді. Қатысушылар білім беру жүйесінде баланың психикалық саулығын қолдау, ерте диагностика тетіктерін енгізу, мектепішілік психологиялық қызметтің әлеуетін күшейту және ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады.
Аталған форум білім беру саласында баланың психикалық саулығын қорғау мәселесін жаңа деңгейге көтеріп, цифрлық дәуір талаптарына сай жүйелі әрі ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға жол ашты.
Балалардың қауіпсіз, тұрақты және қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру — бүгінгі қоғамның стратегиялық міндеті. «PSYTALKS ALMATY» форумы осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1171843?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді