
Отандасымыз конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта 4:03.99 нәтижесімен күміс медаль иеленіп, төртінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұл сында австриялық Джанин Росне (4:02.399) топ жарса, қола Қытай өкілі Тай Чжиэньге (4:04.085) бұйырды
Сондай-ақ ол көпсайыстың кіші бағдарламасы бойынша (жекелеген қашықтықтардың жиынтық нәтижесі негізінде) бірінші орынға көтеріліп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Осы көрсеткіші арқылы Кристина Қазақстан тарихында аталған белесті бағындырған алғашқы спортшы атанды. Жалпы есепте 156.001 ұпай жинады.
Еске салайық, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Әлем біріншілігі 1 наурызға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1171844?lang=kk

Жауап қалдыру