Болгария астанасы София қаласында таеквондодан (WT) Bulgaria Open 2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. G-2 санатындағы беделді додаға ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысып, жаңа маусымның алғашқы маңызды жарысында өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан құрамасы турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осы көрсеткіштің арқасында Ұлттық құрама ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.
Жүлдегерлер тізімі:
🥇 Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг)
🥇 Жавохирхон Исламов (-58 кг)
🥇 Эльдар Бірімбай (-74 кг)
🥇 Батырхан Толеуғали (-80 кг)
🥇 Тоғжан Қазнабек (-57 кг)
🥈 Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
🥉 Айдана Құмартаева (-46 кг)
🥉 Нодира Ахмедова (-49 кг)
🥉 Жазира Исина (-57 кг)
🥉 Батырхан Кусетов (-80 кг)
🥉 Жанель Сұлтанғалиева (-46 кг)
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы иеленсе, үздік үштікті Иордания түйіндеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1171845?lang=kk

Жауап қалдыру