
Астана қаласы полиция департаментінде криминалистикалық қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің құқығымен үздік қызметкерлер мен ардагерлерге “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалін, сондай-ақ алғыс хаттар мен грамоталарды табыстады.
Сонымен қатар Астана қаласы ПД ЖҚБ аға криминалисі Нұрсұлтан Бартаев Қарағанды қаласында өткен ҚР ІІМ “Үздік криминалист” республикалық байқауында үшінші орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы криминалистикалық қызметінің құрылғанына 107 жыл толып отыр. Криминалист мамандығы жоғары кәсіби дайындықты ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Әрбір қылмыстық іс криминалист мамандардың тыңғылықты жұмысынан басталады. Тек кәсіби маман ғана байқай алатын әрбір із, әрбір ұсақ ақиқатты анықтаудың негізіне айналады.
Өткен жылы елордалық криминалистер 6600-ден астам оқиға болған жерді қарады және 6500-ден астам өзге де тергеу әрекетіне қатысып, 5231 зерттеу жүргізді және шамамен 1000 қылмыстың ашылуына ықпал етті.
Бүгінгі таңда криминалистика саласы күннен-күнге технологиялық тұрғыда дамып келеді, алайда оның басты ресурсы – мамандар, яғни олардың білімі, табандылығы, кәсібилігі мен қызметке адалдығы болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1171958?lang=kk

Жауап қалдыру