
Астана қаласының «TANYM» оқушылар сарайының педагогтері Алғыс айту күніне орай жаңа трендті бастап, әріптестеріне алғыстарын ерекше форматта жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында бірлесе еңбек етіп келе жатқан ұстаздар танымал хит әнге жаңаша өң беріп, ән айтып, би билеп, бір-біріне шынайы ризашылықтарын білдірді. Бұл бастама педагогтер арасындағы бірлік пен сыйластықты, кәсіби ынтымақтастықты айқын көрсетті.
Ұстаздардың жүректен шыққан алғысы көпшіліктің көңілінен шығып, бүгінде бұл тренд еліміздің барлық өңіріндегі педагогтер тарапынан кең қолдау табуда. Әр қаладағы ұстаздар бастаманы жалғастырып, бір-бірін Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдап жатыр.
Мазмұны терең, рухани мәні зор бұл тренд педагог мамандығының қадір-қасиетін арттырып, қоғамда Алғыс айту мәдениетін кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1171953?lang=kk

Жауап қалдыру