
Алғыс айту күні – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті айқындайтын айрықша мереке. Сонлай-ақ тарихи кезеңдерде кеңпейілдік пен қамқорлық танытқан қазақ халқының парасатына көрсетілген құрметтің, тағдыр тоғыстырған этностар арасындағы сенім мен сыйластықтың жарқын белгісі.
Этностар арасындағы татулық, азаматтардың өзара ынтымағы мен сенімі еліміздің берік тірегіне айналып, ортақ мақсаттарға бастайтын маңызды құндылық болып отыр.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, елге тұрақтылық пен өркендеу тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/1171910?lang=kk

Жауап қалдыру