ТЕЛЕГРАМ БОТ АРҚЫЛЫ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ БІЛЕ АЛАСЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 наурызда елімізде республикалық референдум өткізіледі. Тиісті шешімге сәйкес, жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі шығарылады.
Осы орайда, Түркістан облысының азаматтары Референдум туралы толық ақпаратты, дауыс беретін учаскесін облыстық референдум комиссиясының https://referendum.iturkestan.kz/ ресми сервисі арқылы біле алады.
Telegram желісіндегі https://t.me/referendum_iturkestan_bot арқылы ЖСН тере отырып, өз учаскеңізді білуге мүмкіндік бар.
Сондай-ақ облыста «109-бірыңғай» Call-орталығы арқылы да референдум учаскеңіздің мекен-жайы туралы біле аласыз.
Аудан, қалаларда «сенім телефондары» іске қосылып, жауапты адамдар бекітілген.
Атап өтейік, республикалық референдум күні Түркістан облысы бойынша 554 учаскеде онлайн сервис іске қосылса, 22 шағын ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) дауыс берушілерді уақытша тіркеу (бір күнге) мүмкіндігін береді деп жоспарлануда. Әр учаскеде комиссияның 2 мүшесінен бекітіледі, азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексеру мүмкіндігі беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1171911?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді