
Түркістан қаласындағы Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға Шардара ауданынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалар арнайы барып, өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, қаймақ, жұмыртқа, көкөністер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.
Сауда сөрелеріндегі тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30–50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды. Бұл тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнім алуға мүмкіндік берді.
Осындай әлеуметтік жәрмеңкелер халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынуға жол ашып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1171913?lang=kk

Жауап қалдыру