
Қарасай ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын 26 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2 наурыз күні аудан әкімі Жасұлан Естенов пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі бұл күннің әр отбасы үшін маңызы ерекше екенін атап өтіп, қоныс иелеріне зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа баспаналарында береке-бірлік тіледі. Сонымен қатар, 15 наурыз күні ел көлемінде өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Жаңа пәтер иелері атынан сөз сөйлеген көпбалалы ана Айгүл Оразбаева облыс және аудан басшылығына алғыс білдіріп, баспаналы болған отбасыларды өмірлеріндегі маңызды кезеңнің басталуымен құттықтады.
Айта кету керек, баспана алғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бар. Тұрғын үйлер Елтай ауылында және Қаскелең қаласында орналасқан.
Аудан әкімінің мәліметінше, алдағы екі-үш ай ішінде тұрғын үй кілттерін табыстау шаралары жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1173135?lang=kk

Жауап қалдыру