
Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бейнеқоңырау форматында 72 мыңнан астам өтініш қабылданған.
Қазіргі таңда видео ЦОН сервисі арқылы 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Бұл – құжаттарды рәсімдеу мен кеңес алудың қашықтан, уақыт үнемдей отырып жүзеге асырылатынын білдіреді.
Бейнеқызмет қалай жұмыс істейді?
ВидеоЦОН нақты уақыт режимінде қызмет көрсетеді. Оператор бейнеқоңырау арқылы:
кеңес береді;
құжаттарды толтыруға көмектеседі;
өтінішті онлайн қабылдайды.
Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минут аралығында. Бұл көптеген мәселені қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді.
Қандай қызметтер қолжетімді?
Бейнеқоңырау арқылы ұсынылатын 79 мемлекеттік қызметтің қатарында:
соттылығының болмауы туралы анықтама алу;
тұрғылықты жері бойынша тіркелу;
әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу;
көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау және басқа да қызметтер бар.
Қалай пайдалануға болады?
Қызметті алу үшін:
«ЦОН» мобильді қосымшасын ашу;
«ХҚКО қызметтері» бөліміне өту;
«Бейне қызметі» бөлімшесін таңдау;
«Бейне қоңырауға өту» батырмасын басу қажет.
Оператор өтінішті рәсімдеп, нәтижесін қосымшадағы чат арқылы жолдайды немесе дайын құжатты ХҚКО бөлімшесінен алуға болады.
Цифрландыру – қолжетімді қызметтің негізі
ВидеоЦОН – мемлекеттік қызметтердің жүйелі цифрлық трансформациясының бір бөлігі. Бұл сервис әсіресе шалғай елді мекен тұрғындарына, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және уақытын үнемдеуді қалайтын тұрғындарға тиімді.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында басты басымдық – азаматтарға сапалы, жедел әрі ыңғайлы қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтер форматы заман талабына сай жаңарып, халық игілігі үшін қолжетімді бола түсуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1174121?lang=kk

Жауап қалдыру