
Іссапар барысында Атырау облысытық аумақтық референдум комиссиясының ғимаратында облыстық, қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссияларының республикалық референдумға дайындық пен өткізу бағытындағы жұмыстарымен танысып, нақты тапсырмалар берді.

Іссапар барысында А.Айманакумов Атырау қаласындағы учаскелік референдум комиссияларының мүшелері мен қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссияларының мүшелері үшін өткізілген «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.


Содан соң облыс орталығындағы референдум учаскелерінің жұмысымен танысты.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1175113?lang=kk

Жауап қалдыру