
Бүгін Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Mabetex Group компаниясының құрылысшыларымен, сондай-ақ бірқатар спортшылар және спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, қалалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Назгүл Мақжан, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдрасулов бар.
«Елімізде кеңінен талқыланып жатқан Конституция – сіз бен біздің қоғамға деген жанашырлығымыз, ұлтжандылығымыз. Болашақта балаларым қауіпсіз елде өмір сүріп, қызмет етіп, елінің патриоты болғанын қалаймын. Бұл әрбір қазақстандық үшін тарихи сәт», – деді Назгүл Мақжан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1175130?lang=kk

Жауап қалдыру