Елордалық боксшы Валентина Хальзова – «Странджа» турнирінің қола жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Болгария астанасы Софияда бокстан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға 31 мемлекеттен 338 боксшы қатысып, жүлделер үшін жоғары деңгейде сынға түсті. Қазақстаннан жарысқа 39 спортшы шықты.

Астана қаласының өкілі, ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы және әлем чемпионы Валентина Хальзова 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің қола медалін жеңіп алды.

Жартылай финалда отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аустралиялық Эмма-Сью Гринтримен тартысты кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен ұтылып қалды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медальға ие болды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1175129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді